«7-қыркүйекте Данияр Қалықбайұлы департамент қызметкерлеріне таныстырылды, оның сөзінің негізгі мазмұны — сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыстармен күрес тек күшейе түседі, бұл мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми пікірі және де аймақтағы ахуал»,- деп хабарлады Павлодар облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Найля Бекжанова.
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Д.Тастанов 1988 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1992 жылдың сәуірінен 2006 жылдың ақпанына дейін прокуаратура органдарында жұмыс істеген. Соңғы жұмыс орны — 2006 жылдың ақпанынан 2007 жылдың қыркйегіне дейін — Астана қалысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті бастығының орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті