Кеденшілердің ақпараттарына сүйенсек, «Жібек жолы» өткізу бөлімінде Өзбекстаннан жаяу келе жатқан Қазақстан азаматы ұсталған. «Ер азаматтың жеке басын куәландыратын куәлігі мен алып келе жатқан жүгін — оншақты түрлі 35-тен астам дана аквариум балықтарына қажетті құжаты болмаған»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Кеденшілердің түсіндіруінше, балықтар Сарыағаш қаласының мал дәрігерлік қадағалау мекемесіне жөнелтілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті