«Мәжілістің жалпы отырыстары кезінде бүгіннен бастап баспасөздің жұмыс істеуінің бұрынғы тетіктерін қайта жандандыру қажет деп санаймын» — деп мәлімдеді жалпы отырысты ашқан мәжіліс спикері Аслан Мусин.
«Фототілшілер мен телетүсірушілер залда шектеусіз жұмыс істей алады», — деді ол. Бұл мәлімдемені депутаттар ду қол шапалақтай қарсы алды.
Сондай-ақ, бүгін жалпы отырыс алдында өткен брифингте мәжіліс аппаратының жетекшісі Ерген Дошаевтың хабарлағанындай, «мәжіліс спикері Аслан Мусин парламент палатасының баспасөзбен қарым-қатынасына қатысты мәселені дәйектеп, журналистер үшін өздерінің кәсіби міндеттерін орындауға қажетті қолайлы жағдайлар жасалмағандығына көзін жеткізді».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті