«Заң жобасында Қазақстан Республикасы үкіметіне жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісімнің шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді талап ету құқығын беру қарастырылған», — деп түсіндірді заң жобасын таныстырған мәжіліс депутаты Валерий Котович.
Оның түсіндіруінше, үкімет мұндай құқыққа жер қойнауын пайдаланушының операцияны жүзеге асыру барысындағы іс-әрекеттері Қазақстанның экономикалық мүдделеріне қайшы келген және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларда ие болмақ.
Атап айтсақ, «жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартын бұзу негіздерінің тізімін кеңейту қарастырылған». Заң жобасына берілген түсініктемеде келісім-шартын бұзудың мынадай негіздері келтірілген : «егер жер қойнауын пайдаланушы хабарландыруды алған күннен бастап 2 ай ішінде келісім-шартын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісім беретіндігін немесе ондай келіссөздер жүргізуден бас тартатындығын жазбаша түрде келтірмесе; егер жер қойнауын пайдаланушы келісім-шартын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге келісім бергенен кейінгі 4 айдың аясында тараптар мәмілеге келе алмаса; егер Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөніндегі келісілген шешімге қол жеткізілген мерзімнен кейінгі 6 айға дейінгі мерзімде тараптар келісімнің шарттарына енгізілген өзгертулен мен толықтыруларға қол қоймаса».
«Осылайша нақты мерзім көрсетуге негізделген көзқарас инвесторға 1 жыфлға дейінгі мерзімде жалпы шешім қабылдауға мүмкіндік береді», — делінген түсініктемеде.
Бұған қоса, Валерий Котовичтің түсіндіруінше, «заң жобасында стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелері (кеніштерді) анықтау құзыреті үкіметке берілген».
Түсініктемеге сәйкес, «қолданыстағы заңға толықтыру енгізе отырып, уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеттері салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шартын орындаудан бір жақты бас тарту құқығы берілмек».
«Заң жобасымен стратегиялық маңызы бар жер қойнауларын (кеніштерді) игеру, немесе, барлау және игеруге ертеректе жасалған келісім-шарттарына кері күш беру қарастырылған», — делінген түсініктемеде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті