Қазіргі жағдаймен егіс алқаптарының 70%-інен түсім жиналды - Ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі жағдаймен егіс алқаптарының 70%-інен түсім жиналды  - Ауылшаруашылығы министрлігі

Қазіргі жағдаймен егіс алқаптарының 70%-інен түсім жиналды - Ауылшаруашылығы министрлігі

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. Қазіргі жағдаймен егіс алқаптарының 70%-інен түсім жиналды. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген ауылшаруашылығы вице-министрі Ақылбек Күрішбаев хабарлады.

  • 12 Қыркүйек 2007
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі жағдаймен түсімнің 71% — 14 млн тонна астық қамбаға құйылып, астық шығымдылығы орта есеппен бір гектардан 13 центнерді құрады», — деді А. Күрішбаев.

Осы орайда ол болжам бойынша 19 — 20 млн тонна астық жиналады деп жоспарланғанын еске салды. «Бұл елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге жетеді. 9 млн тоннаға жуық астық экспортқа шығарылады», — деді ол.

«Елімізді астықпен және соған сәйкес нанмен қамтамасыз етуде қандайбір қиындық жоқ», — деді А. Күрішбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті