«Бүгін біз отырыста қарайтын өте маңызды мәселе — бұл шекаралық арнайы шаралар. Ең алдымен, біз ТМД алты мемлекетінің — Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның қатысуымен Орталық Азия аймағында басталатын арнайы шараларды талқылаймыз»,- деді А. Манилов.
«Іс-шараларды жүргізу мерзімін белгілі себептерге байланысты айта алмаймын, ал өткізілетін орны қатысатын мемлекеттердің барлық аумағында, шараларды өткізу мақсаты — ең алдымен контрабандашылардың заңсыз әрекеттерінің, шекара арқылы есірткінің, мигранттардың заңсыз өтуінің алдын алу; трансшекаралық қылмыстық әрекеттермен айналысатын тұлғаларды анықтау»,-деп түсіндірді А. Манилов.
Оның айтуынша, «жүргізілетін шаралардың мәні белгілі бір уақытта белгілі бір қосымша шаралар қабылдаумен қорытындыланады». «Яғни «Х» сағатында алты елдің шекарасында бір уақытта әртүрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, іс-шараның бірнеше кезеңі болады, оның нәтижесі аяқталғаннан кейін ақпарат бұқараға кеңінен жеткізіледі деп ойлаймын», деп қорытындылады А. Манилов.
«Аталмыш арнайы шараға сондай-ақ ТМД-ға мүше басқа да елдер тартылады, бірақ олар Орталық Азия аймағындағы жалпы шараларды өткізуге көмекші ретінде қатысады»,- деп қосты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті