«Үстіміздегі жылдың 8 айында республикамыздың шекара әскерлерінің күшімен 13 500 мемлекеттік шекара бұзушылар ұсталып, 1837 контрабанда дерегінің жолы кесіліп, 460 кг есірткі тәркіленген, оның 71 кг героин»,- деді Қ. Саудабаев.
Ол, «Қазақстанның шекара қызметінің қызметкерлеріне түсетін жүктеме күннен-күнге өсуде: егер 2006 жылы ел шекарасынан 2,3 млн астам көлік пен 17 млн жуық адам өтсе, үстіміздегі жылы мұндай көрсеткішке алғашқы 8 айда-ақ қол жеткізілген» деп атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті