Алматыда Британдық виза орталығы мен Ұлыбритания елшілігінің өкілдігінің ашылуы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Британдық виза орталығы мен Ұлыбритания елшілігінің өкілдігінің ашылуы болады

Алматыда Британдық виза орталығы мен Ұлыбритания елшілігінің өкілдігінің ашылуы болады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. АЛМАТЫ. Британдық виза орталығы мен Қазақстандағы Ұлы британия елшілігінің өкілдігінің ресми ашылуы 19-қыркүйекте Алматыда өтеді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2007
  • 714
Фото - Caravan.kz

Ашылу салтанатына Қазақстан Респеубликасының Сыртқы істер министрлігінің , Алматы әкімшілігінің өкілдері, Ұлыбританияның қорғаныс министрінің орынбасары, ардагергер ісі жөніндегі министр Дерек Твигг, Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы төтенше және өкілеттті елшісі Пол Браммел, Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы елшілігінің консулы Барри Бобин-Мартин мен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің коммерциялық серіктестігі VFS Global Ltd компаниясының өкілдері қатысады.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың тамызынан бастап қазақстандықтардың Ұлыбританияға виза алу өтініштерін қабылдаумен Алматыда мамандандырылған кеңселерін ашатын жеке компания айналысады. Бұл туралы Ұлыбританияның Қазақстан Респеубликасындағы елшісі П. Браммел хабарлаған болатын. Ол сондай-ақ жаңа кеңсенің жұмысы Қазақстан азаматтарына виза беруді қиындатпайды, керісінше, оны алу процедурасын жеңілдетеді, деп атап көрсеткен болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті