Байқоңырда Ресей, Қазақстан және Беларусь мемлекеттерінің "Байқоңыр-Антитеррор-2007" атты біріккен антитеррорлық жаттығуы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Ресей, Қазақстан және Беларусь мемлекеттерінің  "Байқоңыр-Антитеррор-2007" атты біріккен антитеррорлық жаттығуы өтеді

Байқоңырда Ресей, Қазақстан және Беларусь мемлекеттерінің "Байқоңыр-Антитеррор-2007" атты біріккен антитеррорлық жаттығуы өтеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. БАЙҚОҢЫР. Байқоңырда Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығының Антитеррорлық орталығының жетекшілігімен 26-28 қыркүйек аралығында Байқоңыр кешенінің аумағында Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерінің "Байқоңыр-Антитеррор-2007" атты біріккен антитеррорлық жаттығулары өтеді. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне жаттығуды ұйымдастыру комитетінан хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2007
  • 513
Фото - Caravan.kz

«Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша жиын аясында «Байқоңыр-Антитеррор-2007″ біріккен жедел-старатегиялық командалық-штабтық жаттығу өткізеді», — деп айтылған жаттығуды ұйымдастырушы комитеттің таратқан хабарламасында.

Жиын мен жаттығуға ТМД мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтердің өкілдері, жарғылық және жұмысшы органдарының өкілдері, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аймақтық антитеррорлық құрылымының Атқару комитетінің өкілдері шақырылған.

Ұйымдастыру комитетінің ақпараттарына сүйенсек, «жаттығу аясында диверсиялық-террористік топтарға жауап қатуға қатысты жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру және жүргізу. Сондай-ақ кепілге алынған азаматтарды босату және ғарыштық апппараттарды ұшыруға дайындықты қамтамасыз ететін экологиялық қауіпті нысанда лаңкестерді бейтараптандыруға қатысты арнайы іс-шараларды жүргізудің практикалық қырларын пысықтау жоспарланған».

Жаттығу террористері ролінде Беларусь Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің қазметкерлері ойнайды.

Жаттығу жоспарына сәйкес, бірінші кезеңде мемлекеттердің арнайы қызметтері Қазақстан, Беларусь және Ресей аумағына орналасқан шартты лаңкестерді анықтауға қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізетін болады.

Жаттығу жоспары бойныша диверсиялық-террористік топтардың Байқоңыр кешенінің аумағындағы оттегі-азоттық зауытын шартты басып алу мен жұмысшылардың кепілдікке алу қарастырылған.

Жаттығудың екінші кезеңінде Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметіның Арнайы орталығының күшімен басып алынған нысандағы кепілдікке алынған адамдарды босатып алу және лаңкестерді бейтараптандыруға қатысты арнайы шараларды дайындау және жүргізу жөніндегі жедел штаб ұйымдастыру жайы пысықталады.

Қазіргі уақытта Байқоңырда ресейлік және қазақстандық арнайы қызметтердің басшылары жаттығудың сценарийі мен оны өткізу шарттарын дайындауда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті