Шымкенттің шетінде заңсыз салынған ауыл бұзылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттің шетінде заңсыз салынған ауыл бұзылды

Шымкенттің шетінде заңсыз салынған ауыл бұзылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Шымкенттің шетінде заңсыз салынған ауыл бұзылды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2007
  • 340
Фото - Caravan.kz

Кеше сот атқарушыларының қатысуымен психоневрологиялық диспансер маңындағы орман отырғызу аймағында (Бадам орман шаруашылығының аумағы) соңғы бес айда бой көтерген жүзге жуық заңсыз құрылыстар бульдозердің көмегімен қиратылды. Бұзу туралы шешімді Сайрам аудандық соты шығарған болатын.

Құрылыстарды бұзу кезінде құрылыс салушылар бульдозердің жүргізушісі мен ресми тұлғаларға тас лақтырып, қарсылық танытты. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция қарсылықты бейтараптандырып, бірнеше қатысушылар ұсталды.

Бұзуға қарсылық білдірген адамдар өздерінің бұл жерлерді мың долларға сатып алғандықтарын айтып бақты, және де олардың кейбіреулер өз меншіктерін заңдастырып та үлгерген.

Кешке жақын үйлері бұзылған жиырма шақты тұрғын облыстық әкімшілік маңына жиналды. Ғимаратқа күшпен кірмек болған әрекеттеріне полиция жол бермеді. 18 сағатта әкімнің бірінші орынбасары Ислам Әбішев апаттық құрылысты салушылар ұсынған депутаттармен кездесті. Кездесуге баспасөз жіберілмеді. Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінің қазметкерлерінің хабарлауынша, бүгін И. Әбішев болған жағдайға байланысты түсінік береді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті