Қазақстанда өткен тәулікте жол-көлік оқиғасынан төрт адам қайтыс болып, екеуі жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда  өткен тәулікте жол-көлік оқиғасынан төрт адам қайтыс болып, екеуі жарақаттанды

Қазақстанда өткен тәулікте жол-көлік оқиғасынан төрт адам қайтыс болып, екеуі жарақаттанды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. АСТАНА. ҚР өткен тәулікте жол-көлік оқиғасынан төрт адам қайтыс болып, екеуі жарақаттанды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2007
  • 372
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Шығыс-Қазақстан облысында Өскемен- Рахмановские ключи тас жолында 12-қыркүйекте «Ауди» көлігінің 42-жасар жүргізушісі «ВАЗ-2103» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ-2103» көлігінің жүргізушісі оқиға болған жерде мерт болып; «Ауди» көлігінің екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, Қарағанды облысында Алматы — Екетеринбург тас жолында 12-қыркүйекте 20.15-те «Ауди» көлігінің 35 жасар жүргізушісі «Мерседес» автовозымен соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға болған жерде көз жұмды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті