Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «2007 жылы әскери қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз етуге қосымша 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлген. Алдағы жылға министрлік бюджетінің жобасы 3 млрд-тан астам теңге бөлуді қарастырған». «Ақша бірінші кезекте алыстағы гарнизондардағы баспаналарды күрделі жөндеуден өткізуге және қайта жабдықтауға жұсалады»,- деп атап көрсетілген баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында. Сонымен қатар, жалға беру, жинақ есеп жүйесін құру, ипотека сияқты әскерилерді баспанамен қамтамасыз етудің механизмдері қаралуда.
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің тұрғын үй қоры 14 432 пәтерлі 529 үй мен 1890 бөлмелі 51 жатақхананы құрайды. Сондай-ақ 5 мыңнан астам әскери қызметкер пәтерге зәру. «Үстіміздегі жылдың аяғына дейін 1309 күрделі жөндеуден өткен пәтер, жатақханалардағы 329 бөлме пайдалануға беріледі, 2008 жылы 1046 пәтер және жатақханадан 277 бөлмені пайдалануға беру жоспарлануда»,- деп айтылған хабарламада.
«Қазіргі уақытта спорттық-сауықтыру орталықтары, оқу және мектепке дейінгі мекемелері, мәдени-көңіл көтеру нысандары бар, әскери қызметкерлердің отбасылары үшін барлық жағдайлар жасалынатын әскери қалашықтарды біріздендіру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр»,- деді баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті