Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Астана-Петропавловск» тас жолының 93-ші шақырымында Ақмола облыстық ІІД-нің есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері «Опель-Омега»автокөлігін тоқтатты, онда есірткі сатушы ретінде ІІД-де тіркеуде тұратын Шортанды ауданының тұрғыны отырған.
«Тексеру кезінде ұсталғанның пиджагінің ішкі қалтасынан 433 грамм героині бар екі полиэтилен дорба, 200 теңгелік купюрадан жасалған ораманың ішінен 2,73 грамм есірткісі бар 9 фольга ормасы, пиджактың сол жақ бүйір қалтасынан 0,47 грамм героин оралған бума табылды», — деп хабарлайды мекеме.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, тәкіленген есірткінің жалпы салмағы 436,21 грамм болған. «Қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті