Елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ съезін өткізуге дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ съезін өткізуге дайындалуда

Елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ съезін өткізуге дайындалуда

Астана. 14 қыркүйек. "Қазақстан бүгін" - Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ съезін өткізуге дайындалуда.

  • 14 Қыркүйек 2007
  • 434
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, ресми БАҚ-тардың хабарлауынша, 18-19 қыркүйекте Бейбітшілік пен келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезінің хатшылығының алтыншы отырысы өтеді. Отырыс парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді, оған сондай-ақ түрлі конфессиялардың өкілдері қатысады.

Отырыста Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ съезінің күн тәртібі мен тақырыбына қатысты ұсыныстарды талқылау жоспарланған. Сонымен бірге, форумның қорытынды құжаттарын дайындау мен айқындау жөніндегі жұмыс тобын құруға қатысты мәселелер қаралады.

Еске сала кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ съезі Астанада 2006 жылдың қыркүйек айында өткен. Оған 20 астам елден 40-тан астам делегация қатысты. Форумға қатысушылар арасында ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және басқа да Әлемдік және дәстүрлі діни конфессиялардың өкілдері қатысты. Сонымен бірге, сьезге БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы , ЮНЕСКО өкілдерінен құрметті қонақтар қатысты.

Өткен форумда халықаралық қауіпсіздікке, шиеленістерді шешудегі діндердің роліне , діни сенім еркіндігіне қатысты мәселелер талқыланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті