Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы заңсыз салынған үйлері бұзылған адамдардың баспанасына қатысты ахуалды зерттейді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы заңсыз салынған үйлері бұзылған адамдардың баспанасына қатысты ахуалды зерттейді

Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы заңсыз салынған үйлері бұзылған адамдардың баспанасына қатысты ахуалды зерттейді

Шымкент. 14 қыркүйек. "Қазақстан бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы заңсыз салынған үйлері бұзылған адамдардың баспанасына қатысты ахуалды зерттейді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ислам Әбішев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттікт тілшісі.

  • 14 Қыркүйек 2007
  • 491
Фото - Caravan.kz

«Біз ол жерде үй салған немесе жер теліміне иелік еткен әрбір адамға қатысты жағдайды айқындайтын комиссия құрдық. Онда кедейлер де бар, біз оларға қатысты жұмыстар жүргізетін боламыз», — деді И. Әбішев.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарының түсініктемесіне сәйкес, жерді басып алып үй салғандардың бір бөлігі алаяқтардың құрбанына айналған, олар әлгі адамдардан ақша алып, жерді сатқан кейіп танытса, қалғандары «қарбаласты пайдаланып» жер телімдерін иемденіп алған. «Алаяқтардың әрекеті туралы біз барлық құқық қорғау органдарына жазбаша хабар бердік, біз бұл істі тергеу барысын қадағалайтын боламыз», — деді И. Әбішев.

Оның түсініктемесіне сәйкес, жерді басып алғандарға кейінгі бірнеше ай бойына әрекеттерінің заңсыздығы жөнінде бірнеше мәрте ескерту жасалған. «Нақты тұлға да, нақты мекен-жай да белгілі болмағандықтан, оларға жазбаша хабарландыру жіберу мүмкін болмағандықтан, ескерту ауызша жасалды», — деді А. Әбішев.

Оның айтуынша, сотқа тапсырылатын құжаттар ұзақ уақыт бойы жалғасқан, өйткені, «кімнің үстінен шағымдану қажеттігін айқындау қажет болған». Сайрам аудандық соты заңсыз салынған үйлерді бұзу жөніндегі шешімді бірден шығарды, «өйткені, бұл орман шаруашылығына қарасты жерлер, ал кешікпей олар әскери бөлімшелерге беріледі».

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12 қыркүйекте Шымкент маңында соңғы бес айда психоневрологиялық диспансердің айналасындағы орман шаруашылығы аумағында дүниеге келген заңсыз салынған ауыл бұзылған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті