Атап айтсақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 15 қыркүйекте Сейфуллин даңғылында «Хюндай», «Ауди -80» және «BMW» көліктері соқтығысты. «Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шегіп, қаладағы ауруханаларға жатқызылды. «Аты-жөні анықталмаған азиялық текті екі әйел оқиға орнында жедел жәрдем көлігі келгенше қайтыс болды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ал Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында «Мазда 626» және «ВАЗ 21063» көліктері соқтығысты. «Жол апаты салдарынан аты-жөні белгісіз, 25-30 жас аралығындағы азиялық текті жаяу жүргінші қаза тапты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Көліктердің жүргізушілері ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті