"Тобыл" ӘКК бастығы болып Марат Төлебаев тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тобыл" ӘКК бастығы болып Марат Төлебаев тағайындалды

"Тобыл" ӘКК бастығы болып Марат Төлебаев тағайындалды

Қостанай. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Тобыл" әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясының бастығы болып Марат Төлебаев тағайындалды. Оның кандидатурасын Қостанай облысының әкімшілігінде өткен жиналыста еліміздің премьер-министрі Өмірзақ Шүкеев ұсынған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Қыркүйек 2007
  • 596
Фото - Caravan.kz

Осыған дейін Марат Төлебаев Қостанай облысының мемлекеттік сатып алу департаментін басқарып, одан кейін Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

«Тобыл» — республикада құрылған жеті корпорацияның бірі. «Ертіс», «Жетісу», «Оңтүстік», «Каспий», «Батыс» және «Сары Арқа» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялары — бұл әрбір макроөңірдің әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерге ие. Индустрия және сауда вице-министрі Асқар Баталовтың айтуынша, «өзіне Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын біріктіретін «Тобыл» ӘКК жалпы тізімде ең соңғы орында емес».

«Тобыл» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы — бұл сыртқы нарыққа ауылшаруашылық техникасымен шығатын бренд»,- деп мәлім етті Асқар Баталов.

Ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, туристік бизнес пен мұнай өңдеу саласын дамыту — «Тобыл» ӘКК негізгі бағыттары. Алғашқы уақыттарда жаңа корпорациялардың әрқайсысы мемлекеттік бюджеттен миллиард теңгеден алады, одан арғы міндет — қорды кәсіпкерлермен біріккен жобалар есебінен толтыру.

Әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы жемісті жұмыс істеу үшін, Өмірзақ Шүкеевтің айтуынша, жергілікті билік өкілдерінің қолдаулары қажет. Бұған байланысты Қостанайда «мәселе туындамайды» деп уәде берді Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин. «Президенттің тапсырмасын орындау қажет», деп қосты ол.

«Қостанайлықтардың идеялары мен жобалары дайын. Оларды қарастыруға 2 ай берілді, осы мерзім өткеннен кейін өнімді жұмыс басталуға тиіс»,- деп мәлім етті әкім.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті