Хабарламада атап көрсетілгеніндей, кездесу барысында қазақстандық кен орындарын зерттеу, КТК мұнай құбырын кеңейту келешегі, сондай-ақ корпорацияның қазақстандық мұнай тасымалдауда Каспий жүйесіне және өзге де инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мәселелері талқыланды.
Үкімет басшысы «Шеврон» корпорациясының мұнайды өңдеу мен геологиялық барлаудан бастап мұнай бизнесінің барлық саласын, мұнай өнімдерін тасымалдау және өтімін қамтыған Қазақстандағы жұмысына жоғары баға берді.
Өз кезегінде Д. О,Райлли көрсеткен көмегі және тығыз ынтымақтастығы үшін Қазақстан басшылығына алғысын білдіре келе, «ең бастысы біз қол қойылған келісімдердің тұрақтылығы мен қарастырылған жағдайлардың мүлтіксіз орындалып жатқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз»,- деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті