ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жол апатына ұшырай жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жол апатына ұшырай жаздады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жол апатына ұшырай жаздады

Қарағанды. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысында жұмыс сапарымен жүріп, жол апатына ұшырай жаздады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Қыркүйек 2007
  • 532
Фото - Caravan.kz

Куәлердің айтуынша, министрдің жүргізушісі «Миттал Стил» кәсіпорынының жанына «Мерседес» маркалы көлігін қойғалы жатқан. Дәл осы кезде көліктің артынан күтпеген жерден «МАН» маркалы автобус жоғарғы жылдамдықпен келіп соғылған. Б. Сапарбаев бұл кезде көлікте болмаған.

Куәлердің хабарлауынша, автобуста министрдің сапарына қатысты ақпарат таратуға келген журналистер болған, ал «Мерседестің» артқы бөлігі үйінді темірге айналып қалған.

«Мерседес» жеңіл көлігі мен автобустың жүргізушілері зардап шеккен жоқ»,- деп хабарлады жол полициясы бөлімінің кезекші бөлімінен.

Алдын-ала жасалған болжам бойынша, төтенше оқиға автобус тежегішінің істен шығуынан болған. Аталмыш дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Министрге облыстағы жұмыс сапарын жалғастыру үшін және Астанаға қайту үшін басқа көлік ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті