Ресей жағы "Потон-М" зымыран тасығышының барлық сынықтарын алып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей жағы  "Потон-М" зымыран тасығышының барлық сынықтарын алып кетті

Ресей жағы "Потон-М" зымыран тасығышының барлық сынықтарын алып кетті

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ресей жағы "Потон-М" зымыран тасығышының барлық сынықтарын алып кетті, қосымша сынықтар табылған жоқ, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

  • 24 Қыркүйек 2007
  • 431
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 қыркүйекте үкіметтік комиссиялардың бірлескен штабы «Потон-М» зымыран тасығышы құлаған аудандарды тексеру мақсатында қайта бір айналып ұшып шықты, оның барысында Ресей жағының «Протон-М» зымыран тасығышының сынықтарын түгелдей алып шыққаны, қосымша сынықтардың табылмағандығы белгілі болды.

Сонымен бірге, Ресей жағы зымыранның екінші сатысы құлаған жерде рекультивациялық шаралар жүргізуді одан әрі жалғастыруда.

«Инфракос-Экос» кәсіпорнының мамандары Ресей жағымен бірлесіп Бриз-М үдеткіш блогы мен ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерден 45 сынама алды, барлығы 1 метрге дейінгі тереңдікте 9 нүктеден сынамалар алынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті