"Қамқорлық" айлығы аясында 33 мың павлодарлық қарттар әртүрлі шараларға қамтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қамқорлық" айлығы аясында 33 мың павлодарлық қарттар әртүрлі шараларға қамтылады

"Қамқорлық" айлығы аясында 33 мың павлодарлық қарттар әртүрлі шараларға қамтылады

Павлодар. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық қарттар күніне орай "Қамқорлық" айлығы аясында 33 мың павлодарлық қарттар әртүрлі шараларға қамтылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 24 Қыркүйек 2007
  • 633
Фото - Caravan.kz

«Облыс орталығында 54 мыңнан астам зейнеткер бар, қаланың билік өкілдері ұйымдастырған іс-шараларға 33 мыңға жуық қарт қамтылады, бірақ біз жылдан- жылға өсіп келе жатқан павлодарлық кәсіпорындардың белсенділігіне үміт артамыз, сондықтан да айлық аяқталғаннан кейін 17-қазанда соңғы көрсеткіштер белгілі болады»,- деді қалалық әкімшіліктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Алла Әкімова.

Оның айтуынша, Қарттар күніне орайластырылған іс-шараларды жүргізуге қалалық бюджеттен 7 млн астам теңге бөлінген. 2006 жылы осы мақсатта 5 млн теңге жұмсалған болатын.

Қарттар күнінде мәдени шаралар өткізіліп, зейнеткерлерге жаңа тимурлықтар көмек көрсетеді. Бөлінген қаржыдан 80 және 90 жасқа болған азаматтарға 2000 теңгеден төленеді. «100 жастағы павлодарлықтар қалалық әкімшіліктен 5 мың теңгеден алады. Ең төменгі зейнетақы алатын қарттарға мың теңгеден жәрдемақы беріледі. Әлеуметтік жұмысшылар телефон орнатып, көмір сатып алуға да көмектеседі»,- деп сендірді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.

Қарттар күніне байланысты негізгі шаралар 1-қазанда өтеді. Павлодар әкімі Бәкір Демеуовтың кестесінде оннан астам ардагерлер мен арнайы мекемелерге бару жоспарланған.

Сонымен қатар, қала басшылары 8-қазан — Мүгедектер күнін де жоғарғы деңгейде атап өтуді жоспарлап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті