Жамбыл облысында Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жарты тонна марихуана тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жарты тонна марихуана тәркіледі

Жамбыл облысында Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жарты тонна марихуана тәркіледі

Жамбыл. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында Шу станциясының Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жарты тонна марихуана тәркіледі, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстанның көліктегі Оңтүстік Шығыс ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 24 Қыркүйек 2007
  • 503
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарасора өсетін жерлерді жоспарлы тексеру барысында, шөп жинап жүрген еркек полицейлердің назарына іліккен. Ол Алматы қаласының 46 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. «Тәркіленген кептірілмеген марихуананың салмағы 530 кг құраған»,- деп атап көрсетті баспасөз қызметінің қызметкерлері.

Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта күдіктің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу ісі жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті