Алматы облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, үшеуі ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, үшеуі ауруханаға жатқызылды

Алматы облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, үшеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында екі жол апатынан үш адам қаза тапты, үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Қыркүйек 2007
  • 391
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 24 қыркүйекте «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі «Ниссан-премьера» көлігімен соқтығысты. «Апат салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. «Ниссан-премьера» көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы, аты-жөні анықталмаған азиялық текті ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды мекеме.

Сонымен бірге 24 қыркүйекте 22 сағат 50 минутта «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылды. «Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы бір жолаушы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті