"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде топырақты зарарсыздандыру шаралары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде  топырақты зарарсыздандыру  шаралары жалғасуда

"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде топырақты зарарсыздандыру шаралары жалғасуда

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" -"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған жерде топырақты зарарсыздандыру шаралары жалғасуда, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-іне сілтеме жасап.

  • 25 Қыркүйек 2007
  • 370
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресей жағының топырақ сынамаларына жүргізген талдауы «Бриз-М» үдеткіш блогының жоғарғы бөлігі мен ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерде гептил бойынша шектеулі мүмкін деңгейдің артып кеткенін көрсеткен.

«24 қыркүйекте «Инфракос-Экос» Ресей жағымен бірлесіп үдеткіш блок құлаған жерде 1 метрге дейінгі тереңдіктен 3 жерден 15 сынама алды. Ресей жағы екінші саты құлаған жерде рекультивациялық шараларды жалғастыруда. Жұмыстардың 60 проценті атқарылған. 25 қыркүйекте «Бриз-М» үдеткіш блогының жоғарғы бөлігі мен ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерде детоксиакциялық шараларды қайталап жүргізу межеленген»,- деп хабарлайды ҚР ТЖМ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті