«Қазір біз саналы түрде ден қойған қазіргі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалауға, электр энергетикасына байланысты бірқатар мәселелер бар, біз мемлекет жауап беретін халықтың әлеуметтік аз қорғалған санатын қолдау шараларын ойластыруымыз қажет, бұл Сапарбаевқа берілетін тапсырма»,- деп мәлім етті К. Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында.
Премьер-министр «әрине, біздің адамды далаға қуып шығуға дәтіміз бармайды» деп атап өтті. «Бұл жерде барлық мүмкіндіктерді зерделеу қажет. Бірақ әлеуметтік баспанадан басқа ұсынысты әзірге көре алмай тұрмын»,- деді премьер.
Үкімет басшысы содай-ақ, «егер біз тәртіп орнатпасақ, онда , сумен қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалауға, энергетикаға ешқашан инвестиция тарта алмаймыз»,- деп атап өтті.
«Инвестор да қорғалуға тиіс: егер ол қызмет көрсетсе, онда оған төлем алуға тиіс»,- деп санайды К. Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті