Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарын дамытуға бөлінген қаржыны тиімсіз пайдалған - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарын дамытуға бөлінген қаржыны тиімсіз пайдалған

Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарын дамытуға бөлінген қаржыны тиімсіз пайдалған

Шымкент. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті билік өкілдері әрбір ауданды дамытуға бөлінген 200 млн теңгені тиімсіз пайдалған. Бұл туралы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарына жұмыс сапарымен барған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 25 Қыркүйек 2007
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Әрбір ауданға инспекторлар жіберілді. Олар, жыл басында әрбір ауданға бөлінген 200 млн теңгенің қандай мақсаттарға жұмсалғандығын анықтайды. Бұл қаржыға дендропарктер салып, алыстағы елді-мекендерді сумен қамтамасыз етуге болар еді»,- деді Н. Әшімов.

Ол, бүкіл дерлік ауданда жергілікті билік өкілдері бөлінген қаржының көп бөлігін көгалдандыруға жұмсағандығын, атап өтті. Бірақ күзге қарай көптеген егілген ағаштар тиісті күтімнің болмағандығынан өліп қалған. «Сарыағаш ауданында көгалдандыру жұмыстары өте нашар жүргізілуде, отырғызылған ағаштар қурап қалған. Ал Сарыағаш — стратегиялық маңызды аудан . Келешекте ол туристік қала болуға тиіс. Сондықтан да бізге сіздердің көз алдап жұмыс істегендеріңіз қажет емес»,- деді Н. Әшімов.

Сонымен қатар, облыс әкімі ұсынылып отырған сметалар көгалдандыруға кеткен шығындардың ақиқат көрінісі екендігіне күмән келтірді. Аудандардың бірінде 12 гектар жерге 17 түрлі 3,5 мың екпе ағаштар отырғызылған. Жергілікті билік өкілдерінің есеп берулеріне сүйенсек, оның сметалық құны 70 млн 326 мың теңгені құрайды.

«Бюджеттік қаржының қалай жұмсалғандығын арнайы комиссия анықтайды»,- деп


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті