Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстанға ауғанстан героинін тасымалдау арнасын жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстанға ауғанстан героинін тасымалдау арнасын жойды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстанға ауғанстан героинін тасымалдау арнасын жойды

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстанға ауғанстан героинін тасымалдау арнасын жойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 25 Қыркүйек 2007
  • 418
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, «24-қыркүйекте Павлодарда жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны басқарған ВМВ-525 маркалы көлік құрықталған». «Көлікті тексеру барысында жасырын жерден жоғары сапалы 5 кг жуық героин табылып, тәркіленді»,- деп айтылған баспасөз қызметінің сейсенбіде таратқан хабарламасында.

Сонымен қатар, одан әрі жедел шаралар жүргізу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерелері «екі есірткі сатып алушыны ұстаған».

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Халықаралық наркотрафиктің барлық арналарын жою мақсатында жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті