Астана. 26 қыркүйек. «Қазақстан Бүгін» — Атырау мен Өскеменде өрт салдарынан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Атырауда бүгін түнде жеке үйдің жертөлесінде өрт шыққан.
6 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіру барысында өртеніп кеткен еркектің денесі табылды.
Өрт 2.20 ауыздықталды. Өрт сөндіруге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 1 бірлік техникасы мен жеке құрамның 7 адамы жұмылдырылды.
Сонымен қатар, бүгін түнде Өскеменде екі қабатты көп пәтерлі үйлердің бірінде өрт шыққан. 2 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жауды ауыздықтау барысында 77 жасар еркектің денесі табылды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, өрт 2.47 ауыздықталған. Өрт сөндіруге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 2 бірлік техникасы мен жеке құрамның 9 адамы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті