Семейдің кеденшілері Бішкек - Новокузнец бағытындағы жолаушылар поездінен 4 кг астам есірткі тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің кеденшілері Бішкек - Новокузнец бағытындағы жолаушылар поездінен 4 кг астам есірткі тапты

Семейдің кеденшілері Бішкек - Новокузнец бағытындағы жолаушылар поездінен 4 кг астам есірткі тапты

Семей. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Семейдің кеденшілері Бішкек – Новокузнец бағытындағы жолаушылар поездінен 4 кг астам есірткі

  • 26 Қыркүйек 2007
  • 520
Фото - Caravan.kz


Семей. 26 қыркүйек. «Қазақстан Бүгін» — Семейдің кеденшілері Бішкек – Новокузнец бағытындағы жолаушылар поездінен 4 кг астам есірткі тапты. Бұл туралы «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне “Семей” кеденінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ауыл станциясында Теміржол кедендік постының қызметкерлері Бішкек – Новокузнец бағытындағы № 348 жолаушылар поездін тексеру барысында жолсерігі Қырғызстанның азаматы болып табылатын № 1 вагон терезесінің астындағы қаптаманың астынан өзіндік ерекше иісі бар зат оралған 5 орама тапқан.

“Қызметтік іздеу иті одан әрі іздеу барысында дәретхананың ішінен арнайы жабдықталған жасырын жерден тағы бір орама тапқан”,- деп түсіндірді кеденшілер.

“Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат есірткі болып табылады. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4 кг асып жығылады”,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті