Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар �Қазақстан Респуликасының үкіметі мен ЕурАзЭҚ арасындағы ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің Қазақстан Республикасы аумағына келу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы� заң жобасын мақұлдады.
�Келісімде ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің Қазақстан Республикасы аумағына келу шарттары туралы айтылған. Интеграциялық комитеті Қазақстан Республикасының аумағынан алынатын тікелей салықтар мен баж салығынан, және басқа да төлемдерден босатылады�,- деп айтылған мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Келісімге 2002 жылдың 25-қаңтарында Алматыда қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті