«Қайғылы оқиға 24-қыркүйекте болған. 30 жасар полиция майоры — тергеу бөлімі бастығының орынбасары қала кафелерінің бірінде демалып жүрген. Сондай-ақ осы жерде криминалдық полиция бөлімінің жедел қызметкері, 30 жасар сержант та болған»,- деп хабарлады облыстың Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Олардың арасында туындаған дау-жанжал төбелеске ұласқан, төбелес салдарынан майор ауыр жарақаттармен Шахтинск ауруханасына жеткізілген. Есін жимаған бөлім бастығының орынбасары таңғы сағат 4-те қайтыс болды.
Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Базарбек Құлтаевтің хабарлауынша, «қазіргі уақытта сержат тұтқындалып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабының 3-тармағы бойынша (қасақана адам денсаулығына зиян келтіру салдарынан өлімге әкеп соқтару) қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жұмыстар жүргізіліп жатыр».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті