Қазақстанның премьер-министрі Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының өкілдерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның премьер-министрі Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының өкілдерімен кездесті

Қазақстанның премьер-министрі Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының өкілдерімен кездесті

Астана. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының аға кеңесшісі Иоханнес Линн бастаған өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2007
  • 491
Фото - Caravan.kz

�Кездесу барысында тараптар аймақтағы халықаралық транспорттық дәліздерді дамыту, шекаралас аймақтарда сауда жүргізу, сонымен қатар Орта Азия елдерінің энергетикалық жүйелерін біріктіру мәселелерін талқылады�,- деп айтылған баспасөз қызметінің сәрсенбіде таратқан хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Иоханнес Линн Қазақстанның үкімет басшысына Орта Азияның сегіз аймағы мен алты көптарапты халықаралық ұйымдарды қамтитын аймақтық ынтымақтастық бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.

К. Мәсімов өз кезегінде Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілігін көтеруде және еліміздің сыртқы нарыққа шығуында алатын маңызды рөлін атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті