Павлодарда полицейлер қылмысты жасыру мақсатында жасанды құжат жасаған - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда полицейлер қылмысты жасыру мақсатында жасанды құжат жасаған

Павлодарда полицейлер қылмысты жасыру мақсатында жасанды құжат жасаған

Павлодар. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда полицейлер коммерциялық фирмалардың бірінің қызметкеріне жасалған қарақшылық шабуыл дерегі бойынша ауыр қылмысты жасыру мақсатында жасанды құжат жасаған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қала прокурорының міндетін атқарушы Виталий Тунгусов хабарлады.

  • 26 Қыркүйек 2007
  • 678
Фото - Caravan.kz

В. Тунгусовтың хабарлауынша, оларға үстіміздегі жылдың 12-маусымында қала тұрғынынан өзіне қарақшылық шабуыл жасалғандығы туралы арыз түскен. «Белгісіз біреулер оны соққыға жығып, жәбірленуші жұмыс істейтін коммерциялық фирмаға тиесілі бағдарламаны тартып әкеткен. Оқиға салдарынан жас жігіт ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген»,- деді прокуратураның қызметкерлері.

Жәбірленуші қарақшылық шабуыл жасағандығы туралы Павлодардың Солтүстік полиция бөліміне шағымданған. Бірақ, қала прокурорының міндетін атқарушының айтуынша, жедел қызметкерлер «қылмысты ашу үшін ешқандай шара қолданбаған». «Тексеру барысында белгілі болғандай, полиция қызметкерлері қылмысты ашудың орнына ауыр қылмыстар бойынша көрсеткіштерді жақсарту мақсатында жәбірленушінің арызын, сондай-ақ оның қолхаты мен түсініктемесін қолдан жасаған»,- деп атап өтті В. Тунгусов.

Қала прокурорының міндетін атқарушының айтуынша, арнайы сараптама құжаттарды жәбірленушінің қолымен емес, басқа адамның жазғандығын анықтады. Прокуратура ауыр қылмысты жасыру дерегі бойынша Павлодардың Солтүстік полиция бөлімінің лауазымды тұлғаларының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті