Каспий теңізінде суға батып кеткен "Баку" кемесінің экипажын іздестіру жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінде суға батып кеткен "Баку" кемесінің экипажын іздестіру жалғасуда

Каспий теңізінде суға батып кеткен "Баку" кемесінің экипажын іздестіру жалғасуда

Астана. 27 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Атырауда Каспий теңізінің айдынында суға батып кеткен "Баку" кемесінің экипажын іздестіру жалғасуд

  • 27 Қыркүйек 2007
  • 383
Фото - Caravan.kz


Астана. 27 қыркүйек. «Қазақстан Бүгін» — Атырауда Каспий теңізінің айдынында суға батып кеткен «Баку» кемесінің экипажын іздестіру жалғасуда, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 26 қыркүйектегі жағдаймен «Баку» кемесінің экипажын іздестіру жұмыстарына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 3 құтқарушысы мен сүңгуірлер, «Атырауөзенпорты» АҚ-ның 2 кемесі мен «ҚазЭйрВест» әуе компаниясының 1 тікұшағы жұмылдырылған. «Іздестіру жұмыстары жалғасуда», — деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Баку» кемесі 19 қыркүйекте 8 сағат 30 минутта суға батып кеткен. Кемеде экипаждың 4 мүшесі болған. ТЖМ ақпаратына сәйкес, кеме «Атырауөзенпорты» АҚ-ның иелігінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті