Атап айтқанда, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 26-қыркүйектің 17.30 жағдаймен Ресей жағы «Бриз-М» үдеткіш блогының жоғарғы бөлігі мен ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерде топырақты қайтадан зарарсыздандыру шараларын жалғастыруда. «Ресей жағының топырақ сынамаларына жүргізген талдауы «Бриз-М» үдеткіш блогы құлаған жерде гептил бойынша шектеулі деңгейдің артып кеткенін көрсеткен»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
«27 — 28 қыркүйекте үдеткіш блогының жоғарғы бөлігі мен ғарыштық аппараттың өтпелі бөлігі құлаған жерде детоксиакциялық шараларды қайталап жүргізу межеленген. Сондай-ақ екінші саты құлаған жерде рекультивациялық шаралары да жалғасуда. Жұмыстардың 80 пайызы атқарылған»,- деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті