Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, «24 қыркүйек күні Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының 62-ші сессиясының жұмысы барысында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин Словакияның сыртқы істер министрімен кездескен».
Словакияның сыртқы істер министрі Ян Кубишпен кездесу барысында Марат Тәжин Қазақстан Республикасы президентінің алдағы Словакияға сапарын талқылады. Дипломаттардың пайымдауынша, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Словакия Республикасына сапары екі жақты қарым-қатынастардың дамуына, оның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуына жаңа серпін бермек».
Сондай-ақ, кездесуде «фармацевтика өнеркәсібіне, машина жасауға, туризмге, энергетикаға, көлік және коммуникацияға өзара инвестицияның пайдалылығы аталып өтілді».
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрсұлтан Назарбаевтың Словакияға сапарының нақты мерзімі қазіргі уақытта келісілу үстінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті