Қарағандының табиғат қорғау прокуратурасы арқарларды аулап жүрген браконьерлерді қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының табиғат қорғау прокуратурасы арқарларды аулап жүрген браконьерлерді қолға түсірді

Қарағандының табиғат қорғау прокуратурасы арқарларды аулап жүрген браконьерлерді қолға түсірді

Қарағанды. 27-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері арқарларды (Қызыл кітапқа енгізілген аң - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) аулауға шыққан 6 адамды тұтқындады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Қыркүйек 2007
  • 445
Фото - Caravan.kz

Браконьерлердің біреуіне қашып кетудің сәті түскен. Оған қазір іздеу салынуда.

Браконьерлер облыс орталығынан 120 шақырым жерде, Үміткер ауылының маңында аңға шыққан. Полиция қызметкерлері келгенге дейін олар 2 арқарды атып та үлгеріпті.

Қарағанды облысы табиғат қорғау полициясының бастығы Қанат Бүтімбаевтың айтуынша, «автомобильден арқарлардың мүшеленген денелері, төрт мылтық, тіпті, аң аулау сәті бейнеленген бейнекамера да табылған. Барлығы бірдей заттай айғақ ретінде тәркіленді».

Барлық браконьерлерді төрт миллион теңге айыппұл салумен қатар, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылу күтіп тұр.

Биылғы жылы браконьерлер 2 арқарды опат қылса, былтыр олар алты арқарды атқан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті