Шығыс Қазақстан облысының әкімі аймақтағы жолдың жөнделуін тікелей өз бақылауына алды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының әкімі аймақтағы жолдың жөнделуін тікелей өз бақылауына алды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі аймақтағы жолдың жөнделуін тікелей өз бақылауына алды

Семей. 27-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов аймақтағы жолдың жөнделуін тікелей өз бақылауына алды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Қыркүйек 2007
  • 431
Фото - Caravan.kz

«Облыс әкімі Жәнібек Кәрібжановтың тапсырмасы бойынша «Шығысжоллаборатория» мемлекеттік мекемесі облыс жолдары мен қала көшелеріндегі жасалған жөндеу жұмыстарының сапасына апта сайын сараптама жүргізіп отыратын болады», — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Жақында өткен жиналыста «Шығысжоллаборатория» мемлекеттік мекемесінің басшылығы облыс әкіміне жалпы алғанда жұмыс сапасы нормативтерге сәйкес екендігі, анықталған қателіктерге тиісті шешімдер шығарылып жатқаны жайлы баяндады. Олар, сонымен қатар, қателіктерді жою үнемі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті мен қала және аудан әкімдерінің бақылауында екендігін атап өтті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, биылдың өзінде тек Өскемен қаласында 110 шақырымнан астам, Семейде 60 шақырымнан астам жол жөнделген. «Жергілікті деңгейдегі көлік жолдарының бағыттық жөндеу жұмыстарына бөлінген 285 653 теңгенің 204 676 теңгесі игерілген. Бүгінгі күні Абай, Аягөз, Бесқарағай, Глубокое, Жарма, Зыряновск, Тарбағатай және Шемонаиха аудандарында бағыттық әдіспен жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыс қабылдап алынды, ескерту жоқ», — деген түсініктеме берді әкімшілік.

Әкімшілік қызметкерлерінің хабарлауынша, облыс басшысы жұмыс атқарушыларға «жол жөндеу жұмыстарының ақысы бұрынғыдай тек жасалған жұмыс сапасын және нормаларға сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша ғана төленетіндігін» ескертіп өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті