Астана. 27 қыркүйек. «Қазақстан Бүгін» — Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі аймақтарда астық тұрақтандыру қорын құруға қаржы бөлуге әзір. Бұл туралы «Бағалар мен тарифтердің өсу проблемалары» атты «дөңгелек үстел» барысында ҚР ауылшаруашалық вице-министрі Дулат Айтжанов мәлім етті, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі.
«Біз аймақтардағы әкімдердің астық тұрақтандыру қорын құруларына толық көмек көрсетеміз. Министрлік Азық-түлік корпорациясы арқылы нарықтағы бағадан төмен бағамен несиелеу бойынша тұрақтандыру қорын құруға көмек көрсете алады»,- деді Д. Айтжанов.
Ол, Ауылшарушалық министрлігі «мұны жақын күндерде қолға алуға әзір» екендігін нақтылап өтті. «Жобалаған баға шамамен 206 АҚШ долларын және сақтау шығындарын құрайды»,- деп қосты вице-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті