Бүгінде дайын болу құжатын 1031 көпқабатты тұрғын үйдің 753-і алған. Ал жылыту маусымына 110 мектеп жасына дейінгі мекемелердің, мектептердің, ауруханалар мен емханалардың 100 нысаны әзір, деді баспасөз хатшысы.
Л. Томчук, қаланың қысқа мұндай қарқынмен дайындалуы соңғы жылдарда бірінші рет байқалып отырғандығын, атап өтті.
Сонымен қатар жылыту маусымының басынан, 1-қазаннан бастап қалада жылу және ыстық су қымбаттайды. «Трансэнерго» АҚ хабарлауынша, 1-қазаннан бастап жылудың бір шаршы метрінің тарифі 50,63 теңгеден 52,88 теңгеге дейін, ал ыстық су адам басына 287,89 теңгеден 300,67 теңгеге дейін көтеріледі. Тарифтің өсуі «Ақтөбе ЖЭО» ЖШС ұсынып отырған қызметінің қымбаттауына байланысты болып отыр, деп түсіндірді энергокомпаниядағылар.
«Трансэнерго» АҚ қызметін 65 мың жеке тұлға мен 2 мыңнан астам заңды тұлға тұтынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті