Жақын уақытта теміржол көлігінде жүк тасымалдау тарифінің өсуі жоспарланып отырған жоқ - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақын уақытта теміржол көлігінде жүк тасымалдау тарифінің өсуі жоспарланып отырған жоқ - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Жақын уақытта теміржол көлігінде жүк тасымалдау тарифінің өсуі жоспарланып отырған жоқ - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 28-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Жақын уақытта Қазақстанда теміржол көлігінде жүк тасымалдау тарифінің өсуі жорарланып отырған жоқ.

  • 28 Қыркүйек 2007
  • 562
Фото - Caravan.kz


Астана. 28-қыркүйек. «Қазақстан Бүгін» — Жақын уақытта Қазақстанда теміржол көлігінде жүк тасымалдау тарифінің өсуі жорарланып отырған жоқ. Бұл жөнінде кеше «Бағалар мен тарифтердің көтерілу мәселесі туралы» дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі.

«Біз жақын уақытта тарифті (теміржол көлігімен жүк тасымалдау — «Қазақстан Бүгін» агенттігінің ескертпесі) көтеруді жоспарлап отырғамыз жоқ. Себебі бұл баға құрауға барынша әсер ете алатын Қазақстандағы бірден-бір көлік түрі», — деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Ресейге қарағанда Қазақстанда облыс аралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдау тарифтері бидай бойынша екі есе, көмір бойынша — 57%, цемент бойынша — 22 %, металл өткізу бойынша 26 %, темір рудасы бойынша — 55 пайызға кем екендігін жеткізді.

«Егер Украинамен салыстырар болсақ, бидау тасымалдау тарифі 70 пайызға, көмір бойынша 36 пайызға және өзге де тауарлар үшін осындай мөлшерде төмен», — деп сөзін жалғастырды вице-министр. «Халықаралық қатынастар бойынша да біздің жүк тасымалымыз еселеп төмен. Тіпті Өзбекстан мен Түркіменстаннан да төмен», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті