«Біз орталық аппараттар штатының негізділігіне тағы бір рет мұқият талдау жүргізіп, айтарлықтай қысқарту жүргізуді жоспарлап отыр»,- деді бүгін мәжілістің «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында сөз сөйлеген Қанат Бозумбаев.
«Мысалы, мен «ҚазМұнайгазда» президент аппараты бар екендігін, ондағы адам саны 100-ден асып жығылады, дегенді білгенде таң қалдым. Бұл мемлекет президентінің аппаратымен бірдей»,- деп атап өтті ол.
«Біз қысқартулар жүргіземіз, және де мен бұл мәселемен тікелей өзім айналысамын»,- деп нақтылады Қ. Бозумбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті