Ақтөбеде Пәкістан азаматы тоналды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде Пәкістан азаматы тоналды

Ақтөбеде Пәкістан азаматы тоналды

Астана. 28 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе қаласындағы ЖШС бірінде кеңесші болып жұмыс істейтін Пәкістан азаматы тоналды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 28 Қыркүйек 2007
  • 416
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, шабуыл 26-қыркүйекте таңертең жасалған. «Белгісіз төрт адам Пәкістанның 31 жасар азаматының пәтеріне кіріп, газ баллонын қолданып, 478 мың теңге мен 25,3 мың АҚШ долларын иеленіп, бой тасалаған»,- деді полициядағылар.

Кейінірек патрульдік кезекшілер мен Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні қолға түсірген. Олардың барлығы 18 — 24 жас аралығындағы Ақтөбе тұрғындары болып шықты, олардың бірі туристік фирманы басқарады. Ал күдіктілердің арасында 19 жасар қыз да бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті