Астана. 1 қазан. «Қазақстан Бүгін» – Оңтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында бір тәулік ішінде қайғылы оқиғалар салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының Рамадан аулында 30-қыркүйекте тұрғын үйдегі 190 шаршы метр аумақты шарпыған өрт салдарынан уланған 75 жасар еркек ауруханада көз жұмған. «Өрт жергілікті тұрғындардың күшімен сөндірілді»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қарағандыда 30 қыркүйекте «Пивзавод» ЖШС өндірістік цехында ғимаратты тазалау барысында 48 жасар әйел күртешесі редукторға ілініп қалып, алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті