Оңтүстік Қазақстан облысында шикі мақтаның сатып алу бағасы өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында шикі мақтаның сатып алу бағасы өсті

Оңтүстік Қазақстан облысында шикі мақтаның сатып алу бағасы өсті

Шымкент. 1-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында шикі мақтаның сатып алу бағасы килограмына 50 теңгеден 60 теңгеге қымбаттады, деп хабарлады Мақтаарал ауданының әкімі Омарбек Нұржанов.

  • 1 Қазан 2007
  • 711
Фото - Caravan.kz

«Бір тонна мақтаның бағасы азық-түлік сатып алу корпорациясындағы 58 мың теңгеден жекеменшік мақта зауыттарындағы 60 мың теңгеге дейін барады», — деді Омарбек Нұржанов облыс әкімінің алдында есеп беру кезінде.

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта жинау биылғы жылы былтырмен салыстырғанда бір айға кеш басталды. Өйткені, көктемде ауа-райының қолайсыздығына байланысты тұқымды қайта себуге мәжүбүр болдық. Қазір Түркістаннан басқа барлық мақта өсіретін аудандарда мақта жиналып жатыр. Ауыл шаруашылық департаментінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі күнге дейін 55,9 мың тонна шикі мақта жиналған.

Сонымен қатар, Омарбек Нұржанов атап өткендей, Мақтаарал ауданында мақта жинау үшін жұмыс күшінің жетіспеушілігі қатты сезіліп отыр. «Бар болғаны 5-6 пайыз ғана жер машинамен жиналады, қалғанының бәрі қолмен теріледі. Ауданымызда өзіндік еңбек ресурсы жетіспейді. Жыл сайын көрші мемлекеттен бізге 20-30 мың жұмысшы келетін. Биыл олардың саны 10 мыңнан сәл төмен. Сондықтан, бізге жұмысшылар санын көбейту қажет», — деді Омарбек Нұржанов. Әкімнің мәліметіне сүйенсек, жұмысшылар жинаған мақтасының әр килосына 6 теңгеден алады.

Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысында 455 мың тонна шикі мақта жиналған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті