Қырғызстанның орыс тілді ұйымдары республикада орыс тілінің мәртебесін көтеруге ниет танытып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның орыс тілді ұйымдары республикада орыс тілінің мәртебесін көтеруге ниет танытып отыр

Қырғызстанның орыс тілді ұйымдары республикада орыс тілінің мәртебесін көтеруге ниет танытып отыр

Бішкек. 1-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның орыс тілді ұйымдары республикада орыс тілінің мәртебесін көтеруге ниет танытып отыр, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қырғызстандағы ресейлік отандастарының ұйымдастыру кеңесі.

  • 1 Қазан 2007
  • 472
Фото - Caravan.kz

«Біз, әрине, бұл мәселемен өткізілуіне аз-ақ уақыт қалған референдум аяқталған соң айналысатын боламыз», — деді «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында ұйымдастыру кеңесінің төрағасы Валерий Вишневский.

«Орыс тілінің қазіргі ресми мәртебесіне қарамастан республикадағы орыс тілінің проблемасы көзге ұрып тұр», — деп Қырғызстандағы ресейлік отандастарының ұйымдастыру кеңесінің жауапты хатшысы Альфия Фаттахова. «Білім туралы» заңның жаңа мәтінін бұрынғысымен салыстырсаңыз болғаны», — дейді ол. Атап айтқанда, егер бұрын барлық оқу орындарына орыс тілін мемлекеттік тілмен қатар оқыту міндеттелген болса, заңның жаңа редакциясында «мемлекет әрбір азаматтың мемлекеттік тілді және екі шетел тілін оқып үйренуі үшін жағдай жасайды» деп көрсетілгендігін түсіндіріп өтті А. Фаттахова. «Осылайша, орыс тілінің мәртебесі түсірілгені көрініп тұр», — деп санайды қоғамдық ұйым өкілі.

Республикада жұмыс істейтін ресейлік отандастарының 40-тан астам ұйымдарын біріктіретін ұйымдастыру кеңесі мұндай жағдай 2006 жылғы Конституция мен жақында жарияланып, 21 қазан күнгі референдумға шығарылып отырған жаңа Конституция мәтіні арасында да орын алғандығына қынжылыс білдіріп отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті