Қаржы полицияларының ақпараттарына сүйенсек, жыл басынан бері адамдар өз құжаттарының көшірмесін бөтен біреулердің пайдаланып, банктен несие алып жүргендігінен бейхабар болуына қатысты 30-дан астам оқиға анықталды. «Ұялы телефон сату бөлімінің екі менеджері «АльянсБанкі» арқылы ұялы телефондар сатып алуға несиелер рәсімдеумен айналысқан, банкке келген шығын 3,5 млн теңгені құрап отыр»,- деп атап өтті департаменттегілер.
Қостанай облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті бастығының орынбасары Сабыржан Иманбаевтің ақпараттарына сүйенсек, адамдар сим-карталар сатып алу үшін жеке куәліктерінің көшірмелерін қалдырып отырған. «Бүгінде біз бөтен адамдардың қайда не үшін қолданатынын білместен өз құжаттарымызды оларға береміз»,- деп атап өтті С. Иманбаев.
Оның айтуынша, «құжат нөмірлері электрондық желі арқылы банкке жөнелтіліп отырған, онда тұлғаның банк алдында қарызының бар-жоғы тексеріліп, егер қарызы жоқ болса, ақша есеп шотқа аударылып отырған». «Сондай-ақ телефондар 40 мыңнан 80 мыңға дейінгі сома аралығында рәсімделген, ал күдіктілер бұл телефондарды сатып түскен ақшаны өз араларынан бөліскен»,- деді С. Иманбаев.
С. Иманбаевтің ақпараттарына сүйенсек, «қазір тергеу жүргізіліп жатыр, екі менеджерге 5-тен 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылу қаупі төніп тұр».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті