Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28 қыркүйек күні 17.03 Ақтау — Атырау — Астана бағытында ұшатын А-320 ұшағының бортында орнатылған жарылғыш зат туралы хабар осы ұшақтың жолаушысынан келіп түскен.
«Әуежайға келіп қонғаннан кейінгі жүргізілген арнайы шаралар барысында жарылғыш зат табылған жоқ», — деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 20.00-де ұшақ өз бағыты бойынша ұшуға жіберілген. Төтенше жағдай салдарын жоюға 6 адам мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «ЗРАОСО» мемлекеттік мекемесінің 1 техникасы жұмылдырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті