Астана. 2-қазан. «Қазақстан Бүгін» — Жақын күндері республикамыздың солтүстігі мен шығысында күн салқындап, қар жауады. Бұл туралы ескертуді «Қазгидромет» мекемесі таратты.
«Екінші және үшінші қазан күні түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары, 2 — 3 қазан күндері Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары жауын-шашынды болмақ — жаңбыр және қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік бағытта соққан жел кейбір жерлерде секундына 17 — 22 метрге дейін жетеді», — деп хабарлайды «Қазгидромет» дүйсенбі күні.
Сондай-ақ, синоптиктердің болжамына сәйкес, 2 — 3 қазан күні түнде Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында және 3 қазан түнінде Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында ауа температурасы 0-ден 5 градусқа дейін төмендейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті