Қайырымдылық марафоны Ақсу қаласында осыдан 11 күн бұрын басталған және өткен жұма күні аяқталды. Ардагерлердің қалалық кеңесінің төрағасы Сейітжан Мағзұмовтың айтуынша, акция қорытындысы ұйымдастырушылардың күткенінен де асып түскен.
«Әрине, біз жергілікті кәсіпорындардың, бизнесмендердің және қарапайым адамдардың тарапынан қолдау көрсетіледі деп білдік. Адамдардың акцияға деген жылы лебізі бізді тек қуантады. Барлығы дерлік қайырымдылық акциясына өз үлесін қосуды өзіне міндет санады», — деп мәлімдеді «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында С. Мағзұмов.
Оның айтуынша, жиналған қаражаттың көптігі соншалық, ұйымдастырушылар тек кәрілерге ғана көмектесіп қоймауды ұйғарыпты. Акция барысында жиналған барлық ақшалай қаражат пен көкөніс 1 қазаннан (Халықаралық қариялар күні) бастап Ақсулық зейнеткерлерге, аз қамтамасыз етілген жанұяларға және мүгедектерге таратылып беріледі.
Сонымен қатар, «Қамқорлық» айлығының шеңберінде Ақсу әкімшілігі қайырымдылық түскі астар мен мерекелік шаралар өткізеді. Қаланың екі ірі кәсіпорыны — ГРЭС-2 («ЕЭК» АҚ) мен ферроқорытпа зауыты да («Қазхром» Транс ұлттық корпорациясының Ақсу бөлімшесі) ардагерлерге қолдау көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті